Учителям

Рассмотренных обращений: 1
Не рассмотренных обращений: 0

Мектеп президенті сайлауы
Автор: Қалымжанова С.Т

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Әдеттен дертке дейін»

 

Мақсаты: адам ағзасына кері әсер ететін алкогольге қарсы қөзқарасын, қарым — қатынасын қалыптастыру.

 

Қатысатындар: 7—8 сынып оқушыларының ата — аналары.

 

Дайындық жұмыстары:

Осы тақырып төңігегінде ата — аналарға арналған сұрақтар дайындау.

Жасөспірімдердің арасындағы ішімдікке салыну себептерін жүйелеу.

Барысы:

 

Жаттығу: «Допты бер» — таныстыру. Ата — аналардың барлығына ортақ іске жұмылдыру мақсатында, олар допты біріне — бірі бере отырып есімдерін атайды.

 

«Ой шабуылы»: «Алкоголь дегеніміз — …» деген сөйлемді жалғастырыңыз. Әр адам қысқаша жауап береді. Жауаптар талқыланбай жазылады.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі

 

Ішімдікке салынудың алдын алу, жасөспірімдердің кез келген спирттік ішімдікке, мастық пен маскүнемдікке деген қарсы пікірін қалыптастыру адамгершілік тәрбиеге жатады. Оқушылардың барлығы бірдей салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруі үшін не істеу керек?

 

Тәжірибе дәлелденгендей, спирттік ішімдікке, маскүнемдікке қарсы жүргізілетін үгіт — насихат, алдын алу шаралары анда — санда емес, мақсат көздей отырып, жүйелі жүргізілген уақытта ғана өз нәтижесін береді. Бұл жұмысты жоспарлаған кезде балалардың психологиялық, жас ерекшеліктерін ескеру керек. Жұмысты ең алдымен ата — анадан бастаған абзал.

Алкогольді қолданудың, оған салынудың алғы шарты

 

Әлеуметтік факторлар: микросфера (қоршаған орта), дәстүрлер, нақ осы әлеуметтік ортаның спирттік ішімдіктерге деген көзқарасы, спирттік ішімдіктерді пайдалану әдеті, бос уақытты дұрыс ұйымдастыра алмау, жастарға берілетін мектеп пен отбасы тәрбиесінің өз деңгейінде болмауы.

 

Психологиялық факторлар: өзін — өзі тым жоғары бағалайтын адамның тұлғалық кемшіліктерінің болуы, ашуланшақ, бейәлеуметтік адамдар, өмірінде кездесетін пробемаларды шеше алмайтын адамдар. Оның негізінде спирттік ішімдіктердің өтімді астары жатыр. Спиртті ішімдіктердің көп салалы психотропты әсері оның мөлшеріне байланысты. Мәселен, эйфория жағдайында болатында, көтермелеп ынталандыратындай, серпілтетін,, депрессиядан шығатындай, өзін күшті, батыр сезіну үшін деген сияқты алуан түрлі мөлшерде пайдаланудың өзі оны әмбебап «есірткіге» айналдырады.

 

Биологиялық факторлар: зат алмасу процесінің бұзылуымен байланысты. Ішімдікке салыну, маскүнем болу — сыйлық емес, дерт.

Ата — аналарға арналған сұрақтар:

«Шарапты ішкен сайын, біз адамзаттың керемет күштерін жойып жатқан зұлымдыққа қызмет етеміз», — деген Л.Н. Толстойдың сөзін қалай түсіндіресіз?

«Шарапты алдымен адам ішеді, кейін шарап адамды ішеді» — деген жапон мақалын қалай түсінесіз?

Алкогольді бір рет қана ішіп көрген адамға қалай әсер етеді?

Арақты ұйықтататын зат ретінде ішуге бола ма?

Сыраның емдік қасиеті бар деген тұжырым дұрыс па?

Шынында да спирттік ішімдіктер адам ағзасындағы микробтарды өлтіре ме?

Арақ — шараптың көмегімен асқазан жарасын, гастритті емдеуге бола ма?

Аязға ұрынып, суықта қалып, қатты тоңғанда спирттік ішімдіктер ішу жиуі кездеседі. Олай істеуге бола ма?

«Ішем бе, ішпеймін бе — бұл жеке басымның шаруасы, оған ешкімнің қатысы жоқ» — деген пікірлер жиі кездеседі, оған қалай жауап беруге болады?

 

Әрине, бұл мәселелерді талқылағаннан кейін, ата — аналар бұл проблеманың қаншалықты маңызды екендігін ойланып, спирттік ішімдіктерден келіп — кетер зиян аса қауіпті емес деген көзқарастаы өзгереді. Оқушыларды ішімдікке, маскүнемдік пен нашақорлыққа қарсы тәрбиелеу өте күрделі мәселе.

 

Ата — аналарға арналған сұрақтар:

Отбасыңызда арақ — шарапсыз заңдылығын ұстанасыз ба?

Үйіңізде немесе достарыңыздың үйінде өтетін дастархан басындағы отырыстарда ұлыңыз не қызыңыз жағаласып өздеріңізбен бірге дастархандас бола ма?

Жасөспірім шараптың дәмін алғаш рет неше жасында татып көреді?

Жасөспірімдерді спирттік ішімдіктер ішуге не итермелейді?

Ата — аналар балаларының қашан қай жерде ішетіндерін біле ме?

 

Мұғалімнің сөзі.

 

Алкоголь — созылмалы аурулардың асқынуына алып келетін қауіпті фактор ретінде.

 

Патологиясы:

 

Жүрек — тамыр аурулары, артериялы гипертензия, ми инсульті, мезгілсіз өлім, вегетативті — тамыр дистониясы. Онкологиялық аурулар: бауыр, тамақ, ауыз қуысы, көмей, өңеш, асқазан, ішек, емшек (көкірек безі) рагы. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің ауруы: ішімдік салдарынан болған ақыл — парасаттың кемдігі, психиканың бұзылуы, ұйқысыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі және т.б

 

Сүйек жүйесінің органикалық өзгеріске ұшырауы — остепороз. Мезгілсіз өлімнің себептері: өлтіру, өзіне өзі қол жұмсау, жарақат алу мен улану, өртке шалдығу. Ауытқулар: балалар мен жасөспірімдердің ішкі дене мүшелерінің ауруы, кемістік, жарымжанды, денесі мен ақыл — есінің кем дамуы.

 

Спирттік ішімдіктердің салдарынан мас болудың 3 деңгейін анықтайды

Жеңіл деңгей.

Орташа деңгей.

Ауыр деңгей.

 

Клиникасы:

бет қызарып, ісініп кетеді;

қызара бөрткен безеу;

көздің қан тамырлары сарғайып кетеді;

ауыздан жағымсыз иіс немесе жалбыздың иісі шығады.

Маскүнемдіктің клиникалық көріністеріЖеке тұлғаның өзгеруі және әлеуметтік салдары              Неврологиялық, психикалық, соматикалық көріністері

Ашушаңдық, бейәлеуметтік мінез — құлық көрсету. Үнемі қорқыныш пен үрейдің билеуі. Қызғаншақтық, қауіптенгіштік, түсініксіз ойлардың мазалауы. Психикалық ширығу. Туысқандар арасындағы қарым — қатынастар мен байланыстар нашарлайды. Еңбекке деген қабілеті төмендейді. Есте сақтау қабілеті төмендейді. Құқық бұзу. Салақтық пайда болады. Өзін — өзі төмен бағалайды. Өзіне қол жұмсауға дейін барады.              Депрессия, эпилепсия,энцефалопатия. Ұйқы қашу, түндегі мазасыздық. Артериялды гипертония. Жүректің, артерияның зақымдануы: Ішімдік салдарынан болатын кардиомиопатия. Өт жолының, бауырдың зақымдануы. Язва аурулары. Миопатия. Подагра. Шамадан тыс семіру. Эндокринндік ауытқулар. Остепороз. Қан азаю.

 

 

Өкінішке орай, бүгінгі таңда наркологиялық қызмет ішімдікке салыну мәселесін жалғыздан — жалғыз шеше алмайды. Қоғамдық денсаулық сақтаудың біріккендегі атқаратын іс — шаралары — жастардың, балалар мен отбасылардың арасында ішімдікке салынудың алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Жасөспірімдердің арасындағы ішімдікке салынушылықтың ерекшеліктері:

Аурудың қарқынды дамуы, әсіресе бастапқы кезеңде.

Ішімдікке салынғандықтан, маскүнемдіктің көптеген белгілерінің айқын көрінбеуі мен аяқталмағандығы.

Маскүнемдік деңгейі мен стереотиптің нақты болмауының ара жігін ажыратудағы қиындықтар.

Аурудың тұлғаға әсері, оның жалпы дамуының тежелуіне алып келеді.

 

Сондықтан жастар мен жасөспірімдердің бойындағы ішімдікке салынушылықтың алғы шарттарын байқауға мүмкіндік беретін белгілер жиынтығын айқындаған жөн. Жастар мен жасөспірімдер арасынан «қатерлі топқа» кіретіндері анықталады, олар:

Алкогольді пайдаланудың ерте басталуы (11—12 жаста)

Отбасындағы немесе достары арасындағы ішімдікке салынудың жиі кездесуі, оның саладарынан шағын ортаның дәстүрлеріне еру басталады.

Спирттік ішімдіктерді дәрі — дәрмектермен қатар ішу.

Мас болғаннан кейінгі құқық бұзушылық әрекеттер жасауы.

Қорытынды

 

Ересек адамдардың ішімдікке саынуы мектеп жасынан, жасөспірім кезінен басталады, әрбір ішімдікке салынған аға буын өзіне жастардың арасынан «ісін жалғастырушы» қалыптастырып дайындайды. Бұл жұқпалы сабақтастықтың алдын алу шараларының нәтижесі көңіл қуантарлық. Жасөспірімдер арасында тараған маскүнемдік пен ішімдікке салынушылықпен күресу ересектер арасында тараған маскүнемдікпен күрескен әлдеқайда тиімді. Бірақ кез келген жетістіктің кепілі тек қана ішімдік пен маскүнемдікке қарсы ғылыми негізделген шабуыл жасау болып табылады.

 

Шешімі:

Бала тәрбиесінде салауатты өмір салтын ұстануды қолға алу.

Адам ағзасына кері әсер ететін алкогольге қарсы күресу, белең алуына жол бермеу.



Вложенные файлы:
al-kogolizmge-қarsy-kүres.rar

Просмотров: 1426
Дата создания: 14.11.2010
Дата редактирования: 14.11.2010

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource